Францияда сары жейделілер он алтыншы рет шеруге шықты


Парижде 4 мың адам жиналды, деп жазды 24.kz.

Бірақ бұл жолы шеруге қатысушылардың саны өткен аптаға қарағанда әлдеқайда аз болды. Наразылық акциялары да бейбіт өтіп, кей жерлерде ғана полициямен қақтығыстар орын алды. Парижде 30-дай шеруші қамауға алынды. Полицейлер мәліметінше, ұсталғандар шерушілерді зорлық-зомблыққа шақырғандар екен. Еске сала кетейік, Францияда сары жейделілер шеруі осымен 16-рет өтіп отыр. Наразылық шарасы өткен жылы қарашада басталған. Бастапқыда жанармай салығын көтермеуді талап еткен шерушілер енді биліктен елдің заңнамасын өзгертіп, әлеуметтік жағдайды жақсартуды талап етуде. Осы категория бойынша: « FedEx компаниясы роботтарды «жұмсауды» жоспарлап отыр