Францияда тағы бір БҰҰ қызметкері Эбола вирусымен ауруханаға түсті

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Сьерра-Леонеде етек жайған вируспен күрескен әйел Отанына арнайы ұшақпен жеткізілген, деп жазады хабар.кз.

Науқас қазір бұған дейін дәл осындай дерт жұқтырған медбикені емдеп-жазған госпитальге жатқызылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сай, Эболадан қайтыс болғандардың саны 5 мың адамнан асқан. Осы індетті бүгінде 14 мыңға жуық адам жұқтырған.