Осылайша Фрацияның бұрынғы президенті басқаратын консерваторлар партиясы сайлаудың екінші кезеңінде де жеңіске жетіп отыр. Ал қазір билік тізгінін ұстап отырған социалистер небәрі 34 департаментте өз орындарын сақтап қала алды. Олар үшін ең ауыр соққы Коррез қаласында тиген. Себебі бұл жер қазіргі елбасы Франсуа Олландтың туған жері. Одан өзге Марин Ле Пен бастаған «Ұлттық майдан» партиясы үшін сайлау сәтсіз аяқталды. Бұл фракция жеңіске жете алмағанымен өз позициямызды нығайта түстік деп қуануда. Жергілікті ақпарат құралдары партияларға көрсетілген сенім 2017 жылғы президент сайлауында шешуші рөл атқаратынын жариялап отыр.
Loading...