Францияға бірден үш эпидемия төніп келеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Le Figaro басылымының хабарлауынша, Францияда тұмау эпидемиясы, әдеттегіден ертерек басталған. Ол COVID-19-дың жаңа толқынымен және соңғы 10 жылда жаңа туған нәрестелер арасында тіркелген бронхиолит ауруының рекордтық деңгейімен сәйкес келді.

Францияда эпидемиямен күресудің профилактикалық арсеналы бар. Дегенмен үш эпидемиямен бірден күресу денсаулық сақтау жүйесіне қатты соққы беруі мүмкін.


Эпидемиолог Софи Во жаңажылдық мерекелер қарсаңында "үш эпидемияның шарықтау шегі қай кезге тап келетінін болжау қиын" екенін айтты.