Францияның "ALSTOM" компаниясы Астана-Алматы бағыты бойынша жүрдек теміржол қатынасы жобасын жүзеге асыруға мүдделілік білдірді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада Көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек Астана-Алматы жүрдек теміржол қатынасының жобасы бойынша "ALSTOM" француз компаниясы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында аталмыш жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасай бастау туралы келісім жасалды. Алдын ала есептеулер бойынша, екі қаланың арасындағы пойыз қатынасының уақыты 4 сағат қана болады.