Оның айтуынша, ұшақтар Ауғанстанның оңтүстігіне қазанда жеткізіледі. Ұшақтармен қатар Кандагарға француздық әскери әуе күшінің 150 әскери қызметкері, соның ішінде ұшқыштар мен техникалық мамандар жіберіледі.
Дипломаттың айтуынша, бұл француздық әскери әуе күштерінің отряды Душанбедегі өз іс-қызметін мүлдем тоқтатады дегенді білдірмейді. "Душанбеде 300-ден 350-ге дейін әскерилер, үш "Транзаль" әскери-транспорттық ұшақ қалады, ал әуежайдағы отряд аумағы бұрынғыдай Ауғанстан жолындағы транзиттік база ретінде пайдаланыла береді",- деп атап өтті Оливье Шателье.
Француздық контингент Тәжікстанға 2001 жылы, Ауғанстанда антитеррористік операциялар басталғаннан кейін орналасқан. Қазіргі уақытта Душанбе аэродромының аумағында алты "Мираж" әскери реактивтік ұшақ, үш "Транзаль" әскери-транспорттық ұшақ, сонымен қатар Францияның 450-ге жуық әскери қызметкерлері орналасқан.