Францияның CNIM компаниясы Әзербайжанда құны 350 млн евро болатын алғашқы қоқыс өңдейтін зауыт салады

"Зауыт Баку қаласының жанындағы Балаханы ауылында 10 гектар аумақта орналасатын болады. 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, біз мұнда геологиялық зерттеулерді бастамақпыз. Ол 4 айға созылады. Тиісті келісімдерден кейін желтоқсан айында зауыт құрылысы басталады. Ол 3 жыл көлемінде бітуі тиіс. CNIM ол кәсіпорынды 20 жыл басқаратын болады. Ол оны тағы 10 жылға создырта алады. Жоба құны 350 млн евроға бағаланып отыр", - деді А. Берте.

Бұл ретте қайта өңдеудің соңғы өнімі - жылына 125 мың тонна шлам Франциядағы секілді жол құрылысына пайдаланылатын болады, деп толықтырды ол.