Бүгін, 8-қарашада П.Деведжян ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев, ҚР көлік жәнек коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің міндетін атқарушы Бақтықожа Ізмұхамбетовпен келіссөздер жүргізуде.
Министр сондай-ақ Қазақстанның даму институттарының жетекшілерімен кездеседі. Сонымен бірге бүгін Астанада француз өкілдері мүдделі министрліктер, мекемелер, ұлттық компаниялар мен даму институттарының өкілдерімен кездесуде.
Ертең, 9-қарашада Францияның индустрия министрі ҚР парламенті сенатының спикері Нұртай Әбіқаев, мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов, ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтармен дидарласады. Ертең Қазақстан Елордасында индустрия министрлері мен екі елдің іскерлік өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, министр П.Деведжянның бұл сапарын Франция жағы "ел президенті Жак Ширактың 2005-жылға межеленген Қазақстан сапарына дайындық барысындағы маңызды оқиға" ретінде бағалап отыр.