Францияның оңтүстігінде әуе апаты болған орыннан қаза болғандардың сүйектері түгелдей әкетілді


деп хабарлады ЭФЭ агенттігі.
Бұл туралы агенттікке француз жандармериясынан хабарлады.
Испаниядан ФГР ұшқан Germanwings әуе компаниясының А320 жолаушылар ұшағы алдыңғы аптада Францияның оңтүстігінде құлаған болатын. Оның бортында 144 жолаушы және экипаждың 6 мүшесі болған, бәрі де қаза болды.