Францияның оңтүстік-батысында болған жол апатынан 42 адам қаза тапты

Бұған дейін көз жұмағандар саны 39 адам деп хабарланған болатын.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қуатты соқтығысудан кейін екі көлік құралы өртене бастаған.

Жол-көлік оқиғасы орнына 60 өрт сөндіру көлігі келіп жетті. Төтенше оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп жазады шетелдік БАҚ.