Аталған терактіде қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алуға қатысудан бас тартқан бала «террористердің жағындамын» деп мәлімдеген. Содан соң мектеп басшылығы болған жайды полицияға хабарлаған көрінеді.
«Біз сегіз жасар баланың неліктен радикалды ой білдіргенін білу үшін бүлдіршін мен оның әкесінен жауап алдық», - дейді қалалық полиция өкілі.
Оның айтуынша, жауап алу кезінде бала терроризмнің не екенін білмейтінін айтқан.