Бұл туралы жұма күні кешкісін Ресей Бас прокуратурасының ресми өкілі Марина Гриднева мәлімдеді.
«Лионның апелляциялық соты Ресей Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырып, М.Әбілязовты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін өткізіп беруді ұсынды», - дейді М.Гриднева.
Оның айтуынша, экстрадициялау туралы сот тыңдауларына РФ Бас прокуратурасының өкілі қатысты. «Ол Әбілязовқа таңылған айыптаудың мәнісін түсіндірді, ресейлік қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңдарының ережелерін жан жақты түсіндірді, сот пен адвокаттардың сұрақтарына жауап беріп Әбілязовты қылмыстық қуғындаудың астарында саяси сипат бар деген пайымдауларды жоққа шығарды», - дейді ол.
Қазақстан өз үкіметінің бұрынғы мүшесі және бизнесменді 6 млрд доллар жалпы сомаға қаржылық заң бұзушылықтар жасады деп айыптауда. Ресей билігі 5 млрд доллар, украин билігі 400 млн доллар жымқырды деп айып тақты. Бизнесменге Ресей, Қазақстан, Украина іздеу жариялады.
М.Әбілязов 2011 жылы Ұлыбританияда саяси пана алды, бір жылдан кейін сот төрелігінен қашып ол жақтан кетіп қалды.
Бизнесмен 2013 жылы Францияда Интерпол желісі арқылы берілген ордер негізінде тұтқындалды. Бірінші саты соты М.Әбілязовты Ресейге беру туралы шешім шығарды, бірақ алғашқы істі қараудағы заң бұзушылықтардың анықталуына байланысты экстрадициялық іс қайтадан қарауға берілді.