Францияның бірнеше мыңдаған азаматы бүкіл ел бойынша 180 қалада зейнетақы реформасы жобасына қарсы шеру өткізді, деп жергілікті БАҚ мәлімдеді.
Жалпыға бірдей еңбек конфедерациясының кәсіподағы акцияға кеше 360 мыңға жуық адам қатысқанын айтады. Алайда, полиция мәліметі бойынша қарсылық шарасына қатысқандар саны екі есе аз.
Реформаны «жастарға қарсы» деп есептеген төрт кәсіпорын Франция тұрғындарын шеруге шығуға үндеген. Шеру ұйымдастырушылар зейнетақы қорына француздардың салымын арттыру ұсынысын да сынға алды.