Бұл бастама шынымен жүзеге асса, сотталушылар батыстық үлгідегі түрмелерде жазасын өтейтін болады. Бірақ, мұндай абақтыларға кімдердің жайғасары әзірше белгісіз. Анығы – қонақүйге ұқсайтын 1500 адамға шақталған жекеменшік түрме алдымен Қарағандыда салынбақ. Жергілікті әкімдік жер де бөліп қойған. Ал құрылыстың құны 25 миллиард теңге. Сызбасын көрсеткен француздар жобаларының мақтауын асыруда.
Тимур Джабуа,Франция компаниясының Қазақстандағы өкілі:
- Әлем бойынша біз салып жатқан түрмелердің еш бірінде қайғылы жағдай болып көрген жоқ. Ешкім қашып та көрген емес. Өйткені біз ең басты қауіпсіздікке мән береміз. Әрі жылы, жайлы болады.
Ал түрме кешенін салудан шетелдіктер ұтылмайды. Мекеме аумағынан қонақүй, өндіріс пен түрлі цех ашып қосымша табыс таппақ. Инвесторларды мемлекетте қаржымен демеп отырмақшы.
Асқар Тілегенов, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары:
-Елдегі түрмелердің бәрі Кеңестік заманнан қалған. Тіпті бізде бір камерада 50-60 адамнан жатқандар бар. Оның бәрін жаңарту керек.
Расымен, елімізде жазасын өтеушілерге арналған мекемелердің әбден тозығы жеткен. Салынғанына 60 жылдан асып сыз тартқан калонияларда өлім-жітімнің де саны азаймай тұр. Жекеменшік түрмені тұрғызатын кәсіпкерлердің оны күзету жағына қатысы жоқ. Бұл міндет Ішкі Істер министрлігінің құзыретінде қала бермек. Инвесторлар тек ішкі жұмыстарына жауапты. Киім, тамақ, тағысын тағы.
Ішкі Істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесіндегі реформаның мақтауын асырғанымен түрмедегі тәртіп әлі ақсап тұр. Бүгін Астанаға әділдік іздеп келгендер мұндағы кезекті соралықты жайып салды. Шағымданушылардың атуынша,Тараздағы 158/2 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Марат Құлжанов аяусыз тепкіге жығылыпты. Тіпті оны камераласы зорламақ болған.
Анар Құлжанова, жазасын өтеушінің туысы:
-Балдақпен жүрген адамды тұрғызып қойып, іш киімін бәрін шешіп, ұрған. Одан кейін Аққожаев Арманның өзі іш киімін шешіп, мен сені зорлаймын деп айтқанда інім айқайлаған. Сосын қойыпты.
Осындай бассыздық жекеменшік абақтылар салынған соң тыйылады деу мүмкін емес. Ал, түрмелерді табыс көзіне айналдыру қаншалықты тиімді болары белгісіз. Құрылысқа бюжеттен қанша миллиард бөлінетіні де айтылмай отыр. Оның үстіне Еуропалық үлгідегі түзету мекемелері жалғыз Қарағандыдан емес, Шымкент, Петропавл мен Астанадан да тұрғызылмақ.
Loading...