Франсуа Олланд Фидель Кастромен кездесті


Сапар барысында Олланд АҚШ билігін Куба экономикасына үлкен зиян келтіретін эмбаргоны алып тастауға шақырды. 

Жергілікті БАҚ Францияның Total мұнай-газ компаниясы мен кубалық «CubaPetroleo» мемлекеттік мұнай компаниясымен теңіз қайраңдарында мұнай кен орындарын барлау туралы келісім орнатқанын хабарлады.