«Free Style - сен маған тиесің бе» 13 жыл бұрын "Super Star Kz" жобасында елді күлкіге бөлеген жігіт қазір қайда

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Атақты Superstar Kz жобасында танымалдылығы артқан Ернар Мырза «Астарлы ақиқат»  бағдарламасында бой көрсетті. 

Қазіргі таңда екі баланың әкесі,  21 жасында отбасын құрған Ернар Қалдынов Өскемен қаласында тұрып жатыр.

Жобаға қатысқанда жасы 18-19 шамасында болған.

Ернар Қалдынов:

«Мен жобаға 18 жасымда қатыстым. Достарым осы әнді айтшы деп айтқан соң,«Фри Стай ло» әнін өзгертіп қызық болсын деп, қазақша айтып шыққанмын. Негізі басқа ән таңдағанмын бірақ, достарымның сөзін жерге қалдырғым келмеді. Кейіннен қазылар менімен қоштасты. Дегенмен гала-концертте осы әнмен мені шақырды. Қазір мен отбасыма көңіл бөліп,ұлдарымды тәрбиелеп шүкір өмір өтіп жатыр.»- деп сөзін жалғастырды.


Сонымен қатар атақты «Фри стай ло»  әнінің екінші нұсқасын жазу үстінде екен. Өнерге қайта бет бұрған Ернар мырза студияда домбырамен дәстүрлі ән орындап беріп,  көрермендерді таң қалдырды. 

«Жарайсың, Азамат»,«Сізді күтеміз, дауысыңыз әдемі екен»,«енді тоқтап қалмаңызшы»,«сізді жақсы көреміз»- деген пікірлер толассыз келіп жатыр.