Фристайлдан акробатика жарысында жерлесіміз Р. Әблятифов қола медальды жеңіп алды


Бұл жарыстың бас жүлдесін 220,70 ұпай жинаған қытайлық Сонгианг Жиа (Zongyang Jia) жеңіп алып, чемпион атанды. Оның жерлесі Шонгкуинг Лиу (Zhongqing Liu) 210,16 ұпай жинап күміс медальға қол жеткізді. Ал отандасымыз Руслан Әблятифов 180,30 ұпай көрсеткішімен қола медальды еншіледі. Тағы бір жерлесіміз Сергей Берестовский 150,03 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді.