Өкінішке орай, Азия ойындарының чемпионы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Юлия Галышева (жұптық могул) алғашқы кезеңде сәтсіздікке ұшырап, 32 орынмен шеттелді. Ал Дария Рыбалова 25 орыннан көрінді. Ерлер арасындағы сында Азия ойындарының чемпионы Дмитрий Рейхерд 33 орынды місе тұтты. Есесіне, әлем кубогы кезеңіне алғаш қатысқан он алты жастағы Павел Колмаков 29 орын алып, үздік отыздыққа енді. Ал ардагер спортшыларымыздың бірі Дмитрий Бармашов 51 орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.