Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
1937 жылдан 1945 жылға дейін тоғыз жыл жұмыс істеген Бухенвальдтағы ең үлкен нацистер лагерлерінің бірінде 56 мың адам өлген. Фашистер "Дулаг-142"-де үлкен қылмыс жасаған: олар Брянскіде болған екі жыл ішінде 40 мыңнан аса адам өлтірілді. Олардың көпшілігі адам төзгісіз жағдайдан қайтыс болған.
Ұлы Отан соғысы басында 1924 жылы Брянск ауданында орналасқан броньды техниканың стационарлық авто жөндеу шеберханасы ретінде құрылған №6 жөндеу базасы ішкі жағына көшірілді. Оның аумағында 1941 жылдың күзінде концлагерь ұйымдастырылды. Ол ресми түрде "Дулаг-142" деп аталды және бастапқыда қызыл әскердің тұтқындарына арналған.
1942 жылғы наурыздан бастап Брянскке іргелес ауылдардың бейбіт тұрғындарын да осы жерге жинай бастады. Сонымен қатар, лагерьде 80 мыңға жуық адам болды. Бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлер бөлінбеді. "Дулаг-142" құрама-жіберу пункті ретінде де қызмет етті, сол жерден еңбекке қабілетті халықты мәжбүрлі түрде жұмысқа Германияға айдап әкетті.
Қазір жарияланған құжаттардың ішінде 1945 жылғы 28 қыркүйектегі Брянскідегі неміс басқыншыларының залалын анықтау жөніндегі комиссия актісі бар.
"Лагерьде оннан аса казарма болды (бейбіт жағдайда). Әрбір осындай казармада 1200-1500 адам төрт қабатты ағаш тақтайшаларға орналастырлаған", - делінген актіде.
Хабарламадағы мәлімет бойынша, нацистер адамдарды жасы мен жынысына қарамастан ұрып-соққан.
"Немістер осы лагерьге түскендердің бәрін бірдей қорлап, мазақ еткен. Барлық "қателіктер" үшін оларды резеңке қамшымен сабаған. Мысалы, егер әскери тұтқын қатадан қалса, оны ұрып-соғудан басқа тамақтан да айырған", - делінген құжатта.
Лагерьде газ камераларының орнына адам төзгісіз жағдай орнатқан, бұл адамдарды азапта өлімге әкелді. Ашылған құжаттарға сәйкес, тұтқындардың 80 пайызға дейінгі бөлігі аштықтан, ұрып-соғудан және жұқпалы аурулардан қайтыс болған.
"Лагерьде тамақ ретінде: таңертең қайнаған су (шай) және нан, ересектерге 200 грамм, балаға 100 грамм, кешкі сағат бес-те, қарақұмық ұнынан дайындалған "баланда" ересек адамға - 1 литр, балаға - жарты литр. Бұлай тамақтану ауруға, кейін өлімге әкелді", - мұндай айғақтарды куәгерлер келтірген.
Осы уақытқа дейін лагерьде тек әскери тұтқындар болған кезде, тамақтану одан да жаман болған.
"Оларға дұрыс піспеген қарақұмық немесе шикі көкөніс қалдықтары берілген. Одан асқазан аурулары пайда болды, кейде тіпті ештеңе бермеген", - дейді куәгерлер.
Казармаларда лас, ылғал, суық болған. Сонымен қатар, тірі адамдармен бірге мәйіттер бірнеше күн бойы жатқан. Оларды шығарып үлгермеген. Жұқпалы аурулар, соның ішінде іш сүзегі мен дизентерия эпидемиясы аштықтан, суықтан басталған. Нацистер науқастарға дәрі-дәрмек те, тамақ та бөлген жоқ.
Мұндай режимнен бірінші болып мектеп жасына дейінгі балалар, кейін ересектер, әсіресе қарттар қайтыс болған. Күн сайын кем дегенде 100-150 мәйіт арбаларға салынып, полигонға шығарылды, бұл құжаттарда көрсетілген.
Брянск процесінің құпия материалдарынан 1942 жылдың наурызынан бастап бейбіт тұрғындар лагерьге көп әкелінгені көрінеді. Осылайша нацистер аумақты тазартқан.
"Дулаг-142"-де нацистердің бейбіт тұрғындарға және әскери қызметшілерге қарсы қылмыстары 1945 жылы болған және сонымен бірге құпиясыздандырылған Брянск процесінде айыптау қорытындысында бүкіл бөлімге арналған.
Құжаттарды бірінші болып бүкілресейлік мектеп шығармалары байқауының финалистері, Брянск энергетикалық машина жасау және радиоэлектроника техникумындағы "Дулаг-142" туралы тақырыптық мұражайдың бастамашылары мен жасаушылары, құжаттарды іздеуге қатысқан жас мұрағатшылар, жаппай жерлеу орнын тапқан іздеушілер, жас мұғалімдер, Брянск университеттерінің студенттері көрген.