Радиацияның кесірінен жарты миллион тұрғын қауіпті аймақтан көшіріліп, мыңдаған үй тұруға жарамсыз болып қалды. Жапония премьер-министрі Фукусимада өткен аза тұту рәсіміне қатысты. Ал әр жұма сайын белсенділер тобы наразылық шеруді өткізіп келеді. Олар Фукусима-1 атом электр станциясынан радиоактивты суды мұхитқа төгуге қарсы. Биліктің бұл шешімі экологиялық апатқа әкеледі деп алаңдайды. Бірақ ел үкіметі су мұхитқа төгілер алдында сүзіліп, радиоактивті элементтерден тазартылады деген уәж айтуда. Қазір станция қоймасындағы су мөлшері 1,3 млн тоннаға жетіп, лық толған. Бұл су реакторларды салқындату үшін қолданылады.