Футбол: 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Уэльске барады

Онда футболшылар Уэльсте өтетін Даму Кубогына дайындықты бастап кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Айта кетейік, Даму Кубогының турниріне қазақстандық футболшылардан бөлек, Уэльс, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдарының құрамалары қатысады. Бапкерлер құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Шалқар Ұлдана (БИІК СДЮШОР №7), Алмасбай Дана (Астана);

Қорғаушылар: Әнуар Әсем (БИІК СДЮШОР №7), Корякова Лариса (Тараз), Серікбай Айдана (Ақтөбе), Волкова Ольга (БИІК СДЮШОР №7), Флют Ангелина (БИІК СДЮШОР №7), Сайдолла Айсәуле (Астана);

Жартылай қорғаушылар: Орынбасарова Арайлым (БИІК СДЮШОР № 7), Тұрлыбекова Әселхан (БИІК СДЮШОР №7), Әмірбек Мәдина (БИІК СДЮШОР № 7), Низамутдинова Анастасия (БИІК СДЮШОР №7), Попкова Виктория (БИИК СДЮШОР №7), Смағұлова Аида (Астана), Ақбаева Рано (Ақтөбе), Серғали Інжумаржан (Ақтөбе), Жәутікова Айдана (Ақтөбе), Әділханова Карина (Семей);


Шабуылшылар: Колчина Екатерина (Алматы), Вахитова Светлана (БИІК СДЮШОР №7).

Айта кетерлігі, 5 мамыр күні Данияр Қайырбаев шәкірттері Фарер аралдарымен кездеседі. Ал 6 мамырда Солтүстік Ирландия және 8 мамырда алаң иелері Уэльс құрамасымен ойнайды.