Футбол: 2014 жылғы Әлем чемпионатының талисманы таңдалды

Бұл жайында «Аламан» спорт агенттігі хабарлап отыр.

Футболдан әлем чемпионатының талисманы болып броненос аңы таңдалды. Ал оның есімі арнайы дауыс беруден кейін белгілі болады. Броненос - Оңтүстік Америкада жойылып бара жатқан аң.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінгі әлем чемпионатының талисманы арыстан Голео (2006, Германия) мен леопард Закуми (ОАР, 2010) болған.