Футбол: «Ақжайық» биылғы маусымдағы алғашқы ойынында сырт алаңда «Қазақмыспен» тең ойнады

Оралдың «Ақжайығы» Сәтпаев қаласында жергілікті «Қазақмыспен» күш сынасты. Тартысты өткен ойында есеп ашылмай, тең аяқталды. 27 сәуірде оралдықтар екінші ойынын Қарағандыда «Гефестпен» өткізеді. «Гефест» командасы кеше «Ақтөбе-Жасты» 3:2 есебімен ұтты.

«Ақжайық» өз алаңындағы алғашқы ойынын 4 мамырда «Лашын» (Қаратау) командасымен өткізеді. Бірінші лигада барлығы 18 клуб бақ сынауда.