Футбол: «Ақжайықтың» бас бапкерінің көмекшісі болып З.Саная тағайындалды

«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, З.Санаяның "PRO" санаты бар. Ресейдің көптеген клубтарында футболшы ретінде өнер көрсеткен ол кейін «Балтика», «Луч-Энергия», «Жемчужина-Сочи» командаларын жаттықтырған.

ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, «Ақжайықтың» бас жаттықтырушылық қызметіне белгілі армян бапкері Погос Галстян келген болатын.