Футбол: «Ақжайықтың» жеңісті жолы жалғасып келеді

Кеше «Ақжайық» өз алаңында Семейдің «Спартагын» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші лигада кезекті ұтысына қол жеткізген Қаскелеңнің «Сұңқары» 56 ұпаймен көш бастаса, сырт алаңда «Тарланмен» тең ойнаған Көкшетаудың «Оқжетпесінде» 50 ұпай бар. «Ақжайық» 40 ұпаймен үшінші орында келеді.

Батысқазақстандықтар 3 қыркүйек күні өз алаңында «Екібастұз» командасын қабылдайды.