ФУТБОЛ: «Барселона» Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты


Айта кетейік, қарымта кездесуде бірінші ойында 0:2 есебімен есе жіберген лондондық команда 3:1 есебімен жеңіліс тапты. Ойын "Камп Ноу" аренасында өтті. Осылайша Луис Энрике ойыншылары Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты.

Бұған дейін Чемпиондар лигасының ширек финалына француздық «ПСЖ», португалдық «Бенфика», немістің «Вольфсбургі», мадридтік «Реал» және «Атлетико», сондай-ақ ағылшынның «Манчестер Сити» командасы шыққан болатын.