Тартысты сайысқа Қытайда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің 16 командасы мен Қытай СІМ құрамасы қатысты.
Іріктеу жарысында Қазақстан құрамасы өз тобында жеңіске жетіп, дипломатиялық футбол чемпионатын одан ары жалғастыруға мүмкіндік алды. Шиеленісті өткен ширек және жартылай финалдарда Қазақстан дипломаттары ҚХР СІМ мен Ресей елшілігі командаларын тізе бүктіріп, ақтық сынға жолдаманы иеленді.
Ал финалдық кездесуде қазақстандықтар Германия елшілігінің құрама командасын негізгі кезең аяқталғаннан кейін пенальти сериясында жеңді. Кездесудің негізгі және қосымша уақытында есеп 0:0 есебімен тең аяқталған болатын. Осыдан кейін командалар 11 метрлік айып добын соғуға мүмкіншілік алып, қазақстандықтар 3:2 есебімен басым түсті.
Қазақстан Елшілігі құрамасының капитаны Нұрлан Яхъяровтың атап өтуінше, бұл қазақстандық команданың Бейжіңдегі дипломатиялық турнирдегі алғашқы жеңісі.
«Қазақстан Елшілігі бұл жарыстарға үнемі қатысып тұрады. Бірақ біздің команданың осы кезге дейінгі үздік нәтижесі 2001 жылы алған 3-ші орын болатын. Ал бұл жолғы 18-ші дипломатиялық турнир біздер үшін жемісті болды», - деді ол.
ДипломатыДипломатыДипломаты