Осы жолғы кездесулер Қазақстанда өтеді. Атап айтқанда, «Ақтөбе» өз алаңында Грузияның «Торпедосын» (Кутаиси қ.) қабылдаса, «Жетісу» поляктардың «Лех» атты командасымен кездесетін болады. Ал «Ордабасы» Сербияның «Ягодинасымен» тағы бір мәрте күш сынасып көрмек.
Айта кетейік, шілденің 5-сі күні осы командалар сырт алаңда кездескен еді. Сол кезде «Ордабасы» «Ягодинаны» 1:0 есебімен жеңсе, «Ақтөбе» мен «Торпедо» (1:1) тең түсті.
«Жетісулықтар» болса, «Лех» командасынан 0:2 есебімен ұтылған болатын.
Бүгінгі барлық матчтар «Ел арнадан» (17:50 - «Жетісу» - «Лех», 19:55 - «Ордабасы - Ягодина», 23:45 - «Ақтөбе - Торпедо») көрсетіледі.