ФУТБОЛ: «Днепр» мен «Севилья» Еуропа Лигасындағы ойыны белгілі болды

Матч 27 мамырда Варшавадағы «Ұлттық стадионда» өтеді.

Жартылай финалда Днеппропетровск клубы екі ойындағы ұпай нәтижесі бойынша «Наполи» командасынан озды -1:1, 1:0. «Севилья» футболшылары екі рет «Фиорентинадан»  басым түсті - 3:0, 2:0.

"Севилья" трофей иесі және турнирдің ақтық сынына төртінші мәрте жолдама алып отыр. Ал "Днепр" Еуропа Лигасының финалына алғаш рет шықты.