ХХІІ Достастық кубогы 2014 жылдың 24 қаңтарынан 2 ақпанына дейін өтеді. Санкт-Петерборда өтетін додаға 12 елдің жастар арасындағы құрамалары қатысады. Барлық ойындар «Петербургский» жабық спорт кешенінде өтеді, деп хабарлады alasharena.kz.
«А» тобы: Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Эстония.
«В» тобы: Ресей, Литва, Молдова, Түркіменстан.
«С» тобы: Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Латвия.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы Достастық кубогында Беларусь маманы Сергей Боровский жаттықтырған Қазақстан құрамасы «В» тобында бақ сынаған.
Халықаралық додада Ресей жастары жеңімпаз атанып, екінші орынды Украина ұландары иеленген. Үшінші орын Беларусь бозбалаларына бұйырды. Ал Қазақстан құрамасы алтыншы орынды місе тұтқан болатын.