ФУТБОЛ: Гейнрих Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды салды

Бұдан бұрынғы ең жылдам салынған гол 2001 жылы 10 шілдеде Семейде «Елімай» көкшетаулық «Есілді» қабылдаған кезде тіркелген. Ол кезде алаң иелерінің шабуылшысы - гол авторы Юрий Митяев кездесудің 19-шы секундында қарсылас қақпасына доп дарытқан болатын.

«Ордабасы»  шабуылшысы Александр Гейнрих «Тобыл» қақпасына 18-ші секундта гол соғып, 1 секундқа рекордты жаңартты.