Футбол: Исландиямен ойнайтын Қазақстанның жастар құрамасы жасақталды

Бапкер келесі футболшыларды шақырған:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Шахтер» Қарағанды), Станислав Павлов («Ақтөбе»), Михаил Голубничий («Бәйтерек» Астана).

Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ертіс» Павлодар), Саят Сариев («Жетісу» Талдықорған), Кирилл Пасичник («Атырау»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Григорий Сартаков («Ертіс» Павлодар), Евгений Левин («Ордабасы» Шымкент), Тимур Рудосельский («Қайрат» Алматы), Рафкат Аслан («Тобыл» Қостанай).

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Қайрат» Алматы), Исламбек Қуат («Астана»), Александр Ульшин («Оқжетпес» Көкшетау), Игорь Пикалкин («Астана»), Роман Муртазаев («Шахтер» Қарағанды), Илья Калинин («Қайсар» Қызылорда), Виталий Ли («Астана»), Абылайхан Тотай («Жетісу» Талдықорган).


Шабуылшылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Станислав Лунин («Шахтер» Қарағанды), Максим Фильчаков («Ордабасы» Шымкент), Тоқтар Жаңқылышбай («Шахтер» Қарағанды).

Егер аталмыш футболшылар жарақат алып, құрамаға қосыла алмаған жағдайда, олардың орнын Шерхан Бауыржан («Қайрат» Алматы), Дмитрий Шмидт («Восток» Өскемен), Қуаныш Бегалин («Ертіс» Павлодар) басады.

27 ақпанда құрама жеті күндік жаттығу жиындарын өткізеді, ал 5 наурызда Еуропа чемпионатының іріктеу сыны аясында «Астана Арена» стадионында Исландия құрамасын қабылдайды.