Футбол: Конфедерация кубогы Бразилияда өтетін болды


Кеше футболдан Конфедерация Конференция кубогының жеребесі тартылды. Бұл сын 2013 жылы маусымда Бразилияда өтеді, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі. Жеребе қорытындысы бойынша Бразилия, Италия, Мексика, Жапония А тобына түсті. Ал Испания, Уругвай, Таита және 2013 жылғы Африка үздігі атанатын құрама В тобында. Ашылу матчы 15 маусым күні Бразилия мен Жапония арасында болады. Ал 30 маусым күні «Мараканада» финал өтеді. Конфедерация кубогы – әр құрлықтың чемпиондары қатысатын жарыс. Еуропа чемпионатының жеңімпазымен бірге, бұл жарысқа финалисі де қатысады.