«Футбол королі» Пеле ауруханаға түсіп қалды


Бұл туралы Бразиялияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады ТАСС. 

Әлемнің үш дүркін чемпионына Сан-Паулу штатындағы Сантус қаласының мұражайда сәрсенбі күнге белгіленген өзінің спорттық мансабына арналған салтанатты шараларға қатысудан бас тартуға келді. 

Бұрын шабуылдаушы ретінде танылған аяқдоп шебері 23 қазан күні 74 жасқа келген. Қазір ол Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн ауруханасында емделіп жатыр. Осы медициналық мекемеде 2012 жылы Пеленің жамбасына ота жасалып, буынына протез қойылған еді. Белсенді өмір салтын ұстанатын футбол королінің бұл қадамға баруына оның қимыл-қозғалысына кедергі келтірген дерт себеп болған.