ФУТБОЛ: Мессидің жанкүйерлері оның 11 жарақатын «жатқа біледі»


Сонымен, бірінші, Лео алғашқы жарақатын 2006 жылдың 5 ақпанында «Атлетикоға» қарсы ойында алған. Сол уақытта аяғының тамырлары созылып кеткендігі себепті шабуылшы екі апта алаңға шыға алмаған еді.

Екінші, жарақатынан айығып, қатарға қосылған соң, аргентиналық футболшы «Ноу Кампта» ЕЧЛ-да «Челсиға» қарсы өткен ойында бұрынғы жарақаты қайта мазалаған. Сол себепті Месси 2,5 ай емделуге мәжбүр болған.
Үшінші, 2006 жылдың 12 қарашасында яғни, «Сарагосаға» қарсы өткен ойында Мессидің сол аяғы сынып, 3 айға саптан шыққан болатын.

Төртінші, 2007 жылдың 14 қыркүйегінде Аргентина Австралия құрамасына қарсы ойнаған кезінде Мессидің оң аяғы тамырлары тартылып, бір апта емделді.

Бесінші, 2007 жылдың 15 желтоқсанында «Валенсияға» қарсы ойында «Барса» шабуылшысының тағы оң аяқ тамырлары сыр беріп, бұл жолы ұзағырақ, бір айға алаңнан «тыс қалды». 

Алтыншы, Месси ЕЧЛ-да «Селтикке» қарсы ойында аяғынан жарақат алып, 1,5 ай шамасында емделген болатын.

Жетінші, Хосеп Гвардиола «Барселонаға» бапкер болып келген уақытта Лео Месси көп жараланбаған. Аргентиналық футбол жұлдызы Пеп ұстаздық еткен уақытта жалғыз жарақатын 2010 жылдың 19 қыркүйегінде «Атлетикоға» қарсы ойында алған.

Сегізінші, Тито Виланова дәуірінде де Месси бар-жоғы бір рет жарақат алған. Бұл оқиға 2013 жылдың 2 сәуір айында ЕЧЛ-ның ПСЖ-ға қарсы ойында болған болатын. Месси допты қақпаға теппек болғанда оң аяғын жарақаттап алған. Сөйтіп, тағы 1 апталық үзіліске шыққан.

Тоғызыншы, жалпы алғанда Мессидің осы күнге дейінгі алған жарақаттарының басым бөлігі "Атлетикоға" қарсы кездесулерде орын алған. Былтырғы Испания Суперкубогы ойынында Диэго Годин Мессидің санынан теуіп, біраз уақытқа емделуге жіберген еді.

Оныншы, қыркүйек айында «Алмерияға» қарсы өткен ойында қарсылас клубтың қорғаушысы Мессидің оң тізесінен теуіп, 3 аптаға сапта шығарған.

Месси карьерасындағы 11-ші жарақатын Испания чемпионатындағы «Бетис» клубына қарасы өткен ойында алған. Сол жарақаттан кейін Месси 6-8 апта емделуге мәжбүр болған.