ФУТБОЛ: «Қайрат» бүгін «Алашкертпен» қарымта кездесу өткізеді


еревандық «Алашкертпен» қарымта кездесу үшін Арменияға кетті, деп хабарлады sport.kz. 

Бір апта бұрын өз алаңында алматылықтар қонақтар қақпасына 3 гол соққан болатын. «Алашкертпен» қарымта ойын Ереванда 22 шілдеде сағат 21:00-де өтеді.
Өткен аптада Еуропа Лигасы үшінші біліктілік раундының жеребесі болды. «Алашкертпен» ойынды ойдағыдай аяқтаған жағдайда алматылықтар хорватиялық «Риекамен» немесе шотландиялық «Абердинмен» кездесетін болады.