Футбол: Қазақстан чемпионатының бас жүлдесінен үміткер үш команда анықталды

Қазақстан чемпионатының бас жүлдесінен үміткер үш команда анықталды. Олар: «Шахтер», «Астана» мен «Жетісу» командалары.

Өте шиеленісті тартыстармен өрбіп жатқан біріншілікте көш бастаған клубтардың арасындағы ұпай айырмашылығы көп емес.

Талдықорғандық «Жетісу» турнирде 38 ұпай жинап, әзірше бірінші орында келеді. Одан екі ұпайға қалып келе жатқан қарағандылық «Шахтер» клубы екінші, 33 ұпай жинаған «Астана» командасы үшінші орында.

Келесі турда, яғни 22 қазанда чемпионат көшбасшылары «Шахтер» мен «Жетісу» өзара мықтыны анықтайды. «Астана» өзінің алаңында үздік алтылықты түйіндеп тұрған шымкенттік «Ордабасы» клубын қабылдайды.