Футбол: Қазақстан кубогі үшін ойында «Ақжайық» Ақтауда «Каспийді» ұтты

«Каспий» бірінші лигада ойнайтын команда болғанымен, оңай шағылатын жаңғақ емес. Сол себепті «Ақжайық» алаңға негізгі құраммен шықты. Матчтың 20-минутында «Каспийдің» шабуылшысы Ерлан Мөрліханов есеп ашқанымен, тайм соңында «Ақжайықтың» биылғы маусымдағы мерген ойыншысы Игорь Зенькович есепті теңестірді. Ал екінші таймда Константин Зотов пен Алексей Мальцев қос доп соғып, есепті 3:1-ге жеткізді.

Келесі айналымға өткен «Ақжайық» 20 маусымда кезекті кездесуін өткізеді. Қарсыласы жеребе тартылғаннан кейін белгілі болады.