ФУТБОЛ: Қазақстан - ҚР Президенті кубогінің иегері

Кездесуде салынған жалғыз голдың авторы - алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Максим Котов. Алаңға 67 минутта шыққан ол 75 минутта есеп ашты.

Сонымен Қазақстан құрамасы ҚР Президентінің кубогінің иегері атанды. Финалда сүрінген Иран құрамасы - екінші, ал үшінші орынды Литвадан келген жастар еншіледі.