Матчта біздің футболшылардың қарсыласы Кабо-Верде құрамасы болмақ. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.
Айта кетейік, Кабо-Верде футболшылары 31 наурыз күні Португалия құрамасын ұтқан болатын. Бүгінде Кабо-Верде құрамасы FIFA рейтингінде 37-ші орында тұр.
«Қазіргі уақытта алдын ала келісім жасалды. Тек ресми жұмыстар қалды, бұл халықаралық матчты ұйымдастырудың шешуші бөлігі саналады. Дегенмен, Қазақстан-Кабо-Верде кездесуі 16 маусым күні Алматының Орталық стадионында өтеді деп 99 пайызға айтуға болады», - дейді Қазақстан футбол федерациясы халықаралық бөлімінің жетекшісі Тұлпар Мансұров.
Еске сала кетейік, Алматыда Ұлттық құраманың екі матчы жоспарланған. 12 мамыр күні Қазақстан құрамасы Африканың вице-чемпионы Буркина-Фасомен жолдастық матч өткізеді. Ал, 12 маусым күні Еуро-2016 іріктеу турнирі аясында Түркия құрамасымен ойнайды.