Қазақстан футбол федерациясының мәліметіне қарағанда, 19 жасқа (U-19) дейінгі команданың жаңа жаттықтырушысы болып 52 жастағы испандық Небойша Миличич тағайындалды. Онымен арадағы келісімшартқа 1+1 жүйесі бойынша қол қойылды. Н. Миличичке команданы Еуропа чемпионатының таңдаулы раундына шығару мақсат-міндеті жүктелді.
Аталған жаттықтырушының лицензиясы УЕФА: PRO жүйесі бойынша. Ол испан, ағылшын, серб тілдерін меңгерген.