Си Цзиньпиннің айтуынша, бұл қадам Қытайдың әлем чемпионатына қатысуына, турнирлер өткізіп, онда жеңуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ футбол негізгі пән ретінде мектептерде оқытылатын болады. Бағдарламдағы жоспарға сәйкес 2017 жылға қарай 20 мың қытайлық мектепте футболға арналған жаңа алаңдар мен базалар салынады. Бұдан бөлек, 2016 жылы университетке түсу кезінде абитуриенттер өз қалаулары бойынша футболдан емтихан тапсыра алады.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қытай ФИФА рейтингі бойынша 88-орында тұр. Олар тек бір рет қана - 2002 жылы ғана әлем чемпионатына қатысты.