ФУТБОЛ: Қызылордада Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін турнир өтеді

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш жарыста республикамыздың көптеген өңірлерінен және Қызылорда облысынан 200-ден аса спортшы бақ сынасады. Т.Сегізбаевтың өзі осы турнирге көп жылдан бері қатысып келеді. Ойындар "Локомотив" стадионында, 22-23 мамыр аралығында өтеді. Ал финалдық бәсекелер 24 мамыр күні болады.