Бұл ойында алдымен «Шахтер» есеп ашып, 2:0-ге дейін апарды. Дегенмен «Астана» футболшылары доп айырмашылығын қысқарта білді. Ал, ойынның 90-шы минутында тағы бір гол соқты. Есеп - 2:2. Осыдан кейін қосымша уақыт берілді. Онда «Шахтердің» жолы болды. Жамбыл Көкеев екі қорғаушыны алдап өтіп, қақпашыны қапы қалдырды. Есеп - 3:2. Тартысқа толы ойында бағы жанған қарағандылық «Шахтер» командасы Қазақстан суперкубогының иегері атанды.