ФУТБОЛ: Топқа шыққан «Астана» 14 миллион еуро олжалады

Беделді еуропалық турнирдің топтық кезеңіне шыққандарға 12 миллион еуро көлемінде төлемақы төлеу қарастырылған. Сонымен қатар плей-офф кезеңінде жеңіске жеткені үшін тағы 2 миллион еуро берілмек. Енді астаналық ұжым топтағы әр жеңісі үшін  1,5 миллион еуродан алмақ. Ал егер тең түссе, сәйкесінше 500 мың еуроға қол жеткізеді.