Футбол үшін Хиджабын шешкен ирандық қыздың сұлулығы желіде қызу талқыланып жатыр

Бұл туралы Tengrinews.kz Eurosport-қа сілтеме жасап хабарлайды.  

Желіде ӘЧ ойындарының біріне қатысқан ирандық қыздың суреті пайда болды. Суретте қыздың басы мен белі ашық екенін көруге болады. Ал төлқұжатқа түскен суретінде толықтай тұмшаланған. 

Қыз бен суретті түсірген адамның кім екені әзірге белгісіз. 

Желі қолданушыларының көбі бірден қыздың сұлулығына назар аударған. "Сондай сүйкімді, ал оны хиджапқа жасырады". "Неге оны суретке түсіресіздер? Иранға барғанда түрмеге қамап тастамасын", "Осындай сұлулықты қалай тұмшалап қояды", "1001 түн ертегісіндегі Шахерезада", - деп жазыпты желі қолданушылары