"Футболда ондай-ондай болып тұрады": Ермұхамед Мәулен әлем чемпионатының финалында кім жеңетінін болжады

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол отандық подкаст жүргізушілеріне берген сұхбаттарының бірінде мәлімдеді.

"Аргентина Испания арасындағы матч, қазіргі күннің өзінде пікірім қалыптасып тұр. Кеш Англия Испанияны қатты ойландым, қайсы жеңуі мүмкін деп. Сөйттім де, Англия басым болады екен, түбі, құрамы мықты екен дедім.

Құрамы жалпы жаман емес, 85-ші минутқа дейін солай болды ғой. Футбол сонысымен футбол да, екі гол соқты да, Аргентина сонысымен ұтып кетті. Ондай-ондай болып тұрады футболда, мінез бәрін шешеді деген сол. Соңына дейін ойнау, Мессидің екі пасының арқасында Аргентина финалға шығып тұр. Оны мойындауымыз керек, Аргентина жарады, күшті.

Бірақ финалда менің ойымша Испания фаворит және Испания жеңіске жетеді", - деді ол.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы Англнияны 2:0 есебімен ұтып, ақтық сынға жолдама алған еді. Әлем чемпионатының финалы 20-сы күні өтеді.