Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионаты өтетін стадиондарда темекі шегуге тыйым салынады

Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) баспасөз қызметінен хабарлайды.

Жаңа талаптардың орындалуын арнайы оқытылған еріктілер, сондай-ақ қауіпсіздік қызметкерлері мен стюардтар қадағалайды.   

УЕФА темекі шегуге қарсы бағдарламаны Еуропалық денсаулықты зерттеу желісі және Бүкіләлемдік жүрек федерациясымен бірігіп жасады.