Футболдан ӘЧ: Доп додасының тоғызыншы күні қандай матчтарды көреміз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

G тобында Бразилия мен Швейцария құрамалары өзара сайысқа түссе, Камерун мен Сербия командалары алғашқы ұпайларын алуға тырысады.

Рональду бастаған Португалия құрамасы уругвайлықтарды жеңген жағдайда 1/8 финалға мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Ал Оңтүстік Корея құрамасы Гана ұлттық құрамасымен кездеседі. 

Барлық матчтарды қазақстандықтар Qazsport телеарнасынан көре алады.  

16:00. G тобы.
Камерун – Сербия (Qazsport)
19:00. H тобы. Оңтүстік Корея – Гана (Qazsport)
22:00. G тобы. Бразилия – Швейцария (Qazsport)
01:00. H тобы. Португалия – Уругвай (Qazsport)