Қазақстанда «FIFA 2018» матчтарын заңсыз трансляциялау бойынша 22 факті анықталды. Бұл ақпаратты «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның баспасөз қызметі таратты.
Айта кетейік, «Қазақстан» телеарнасы Қазақстан аумағында «FIFA 2018» - футболдан XXI Әлем чемпионатының ойындарын тікелей көрсетуге жалғыз құқық иесі, деп хабарлады vesti.kz
«Корпорация өзінің телевизиялық құқығын қорғау бойынша барлық заңды шараларды жүзеге асырады. 14 маусым мен 15 шілде аралығында футболдан Әлем чемпионаты өтетін кезеңде көшпелі рейдтер арқылы заңсыз трансляциялардың жолын кесу үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның 25 жұмыс тобы құрылды. Оларға корпорацияның 33 жұмысшысы енді», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, чемпионат басталғалы бері мейрамханалық бизнес пен букмекерлік кеңселер бойынша рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Қазірге дейін жұмыс топтары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік телеарналар арқылы «FIFA 2018» матчтарын заңсыз көрсетілудің 22 жағдайын анықтады. Ол туралы тіркеу (фиксация) акттері толтырылды. Бұзушылықтар 16 букмекерлік кеңсе мен 4 ірі мейрамханадан, 3 бардан анықталып отыр. Барлық жиналған және тіркелген материалдар Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасының талаптарына сай шара қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылатын болады», - деп хабарлады телерадиокорпорацияның баспасөз қызметінен.
Бүгінгі күні заңсыз трансляция фактілерін анықтау жұмыстарына Астана қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті тартылған. Айта кетерлігі, ҚР Қылмыстық кодексінің 198-бабы бойынша құқық иесінің құқығының бұзылуы қылмыстық бұзушылықтардың қатарына жатқызылады. Ол қылмысқа барғандар 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.